jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" президенті Мессидің клубқа қайта оралатынын растады

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: John Berry/Getty Images

    "Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің каталониялық ұжымға қайта оралатынын растады, деп жазады РИА Новости.

    Жексенбі, 16 сәуірде "Барселона" сырт алаңда "Хетафе" клубымен ойнап, 0:0 есебімен тең тарқасты.

    Ойыннан соң Жоан Лапорта жанкүйерлермен фотоға түсті.

    Cadena SER Carrusel Deportivo жариялаған видео кадрынан жанкүйердің бірі "Барселона" президентіне "Месси "Барселона" сапына қайта келе ме?" деп сауал қойған. Ал оның сұрағына Жоан Лапорта "Иә" деп қысқа жауап қайырды.

    Айта кетейік, Лионель Месси мансабын "Барселона" сапында бастап, 2021 жылдың жазында "ПСЖ" ойыншысы атанды. Каталониялық ұжым сапында ол төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

    "Барселона" президенті Мессидің клубқа қайта оралатынын растады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.