Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челси" - "Реал Мадрид": "көктер" өткен маусымда көрсеткен жетістігін қайталай ала ма

Опубликовано:

Челси - Реал
Фото: Parimatch

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы ең қызықты кездесулердің бірі 19 сәуірде "Стэмфорд Бридж"-де жалғасады. Алдыңғы маусымда "Челси" "Реал Мадридпен" бірдей жағдайға тап болды және ойынды сәтті өткізе алғанымен, одан әрі өте алмады. Осы оқиға қайталана ма, жоқ па, оны осы материалда талқылайтын боламыз.

"Челси"

"Челси" тағы бір дағдарысты бастан кешуде. Команда қазір премьер-лигада 11-ші орында тұр, тіпті олар еурокубоктан үмітін үзгендей. Бірақ бұл жағдайдың жақсы жақтары да бар — енді барлық назарын Чемпиондар лигасының ағымдағы маусымына шоғырландыруға болады. Дегенмен, олардың соңғы нәтижелері табысқа кенелетініне күмән тудырады. Поттер жұмыстан шығарылғаннан бері, "ақсүйектер" қатарынан үш рет жеңіліске ұшырады, соның ішінде "Реал Мадридтен" де, осылайша күтпеген шиеленісті тудырды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда аталған қарсыластар ширек финалда дәл осындай жағдайда кездескен болатын. "Кілегейлілер" бірінші матчта екі гол соққанымен, "ақсүйектер" жағдайды сенсациялық түрде өз пайдасына ыңғайлап, ойынды қосымша уақытқа дейін создырды, бірақ Карим Бенземаның тамаша ойынына қарсы төтеп бере алмады. Бұл жолы алға қойылған мақсат бірнеше есе күрделене түсті, команда соңғы оқиғаларға байланысты ең жақсы дайындыққа та емес. Нағыз ғажайыпты жасау үшін Лэмпард жағдайды өз қолына алуы тиіс.

"Реал Мадрид"

"Реал Мадрид" маусымды жақсы өткізгенімен, Ла Лигада бірінші орынға шыға алмады. Қалған бірнеше турда "Барселонаны" 11 ұпай айырмашылығымен қуып жету мүмкін емес, сондықтан Анчелотти командасы өз ойлағанын Чемпиондар Лигасында жүзеге асыруға ниетті. 1/8 финалда "кілегейлілер" екі турда 6 гол соғып, "Ливерпульді" ойсырата жеңіп шықты. "Челсимен" еш қиындықтар туындаған жоқ, сондықтан "Реал Мадрид" жауап матчта өз күшіне сенімді деп айтсақ болады.

Қызықты фактілер

  • "Челси" Чемпиондар лигасындағы соңғы 10 матчтың 8-інде жеңіске жеткен.
  • "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының 10 матчының 9-ында гол соққан.
  • Соңғы 7 жеке кездесудің статистикасы: "Челсидің" пайдасына 2 жеңіс, "Реалдың" пайдасына 3 жеңіс және тең есеппен аяқталған бір ойын.

Parimatch коэффициенттері:

"Челси" - 2.65, тең ойын - 3.50, "Реал Мадрид" - 2.65

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017266-celsi-real-madrid-kokter-otken-mausymda-korsetken-zetistigin-qaitalai-ala-ma/

pixel