"Милан" араға 16 жыл салып Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты (фото)
Опубликовано:
"Милан" Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қос клуб арасындағы алғашқы матч 1:0 есебімен аяқталған еді. Жауапты ойын "Сан-Паоло" стадионында өтті. Алаң иелері алғашқы минуттан шабуылға иек артқанымен, жолы болған жоқ.
Есепті бірінші таймның соңғы минутында "Милан" шабуылшысы Оливье Жиру ашты. Ол әріптесі Рафаэл Леаудың пасын сәтті пайдаланды.
Матчтың екінші жартысында "Наполи" тайлы тұяғымен алдыға ұмтылды. Нәтижесінде Виктор Осимхен 93-минутта есепті теңестірді.
Осылайша, "Наполи" мен "Милан" арасындағы кездесу 11 есебімен аяқталып, қонақтар Чемпиондар лигасының жартылай финалына араға 16 жыл салып шығып отыр.
Айта кетейік, "Милан" футбол клубы турнирдің жартылай финалына соңғы рет 2007 жылы шыққан.
Ол уақытта италиялық ұжым сапында Кака, Дида, Гаттузо, Пирло, Неста, Мальдини, Зеедорф секілді атақты ойыншылар доп тепті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017307-milan-araga-16-zyl-salyp-cempiondar-ligasynyn-zartylai-finalyna-syqty-foto/