"Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ширек финалдың жауапты ойынында "Севилья" ағылшындық клубты ірі есеппен ұтты (3-0). Гол авторлары: Юссеф Эн-Несири (дубль), Лоик Баде.
Осылайша, испаниялық ұжым Еуропа лигасының жартылай финалына жолдама алды. Енді "Севилья" турнирдің финалына шығу үшін туриндік "Ювентуспен" шеберлік байқасады. Массимилиано аллегридің шәкірттері ширек финалда "Спортинг" клубын жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, "Олд Траффорд" стадионында өткен "Манчестер Юнайтед" пен "Севилья" арасындағы алғашқы ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017646-mancester-yunaited-iri-eseppen-utylyp-europa-ligasynyn-zartylai-finalynan-tys-qaldy/