Түнде Еуропа лигасының ширек финалының жауапты матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Турнирдің жартылай финалына төрт команда шықты. Олар: "Ювентус" (Италия), "Рома" (Италия), "Севилья" (Испания), "Байер" (Германия").
Туриндік клуб португалиялық "Спортингті", Жозе Моуриньо жаттықтыратын "Рома" экстра таймда "Фейенордты", Германия біріншілігінде өнер көрсететін "Байер" бельягиялық "Юнионды" және "Севилья" ағылшындық "Манчестер Юнайтедті" жарыс жолынан шығарды.
Жартылай финалда кездесетін командалар:
- "Севилья" - "Ювентус",
- "Рома" - "Байер".
Еуропа лигасының жартылай финалдық матчтары 11 және 18 мамырда өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017660-europa-ligasynyn-zartylai-finalyna-syqqan-barlyq-komanda-anyqtaldy/