jitsu gif
Спорт

    Қатарынан екі ойында ұтылған Роналду командаластарына айғайлап тастады

    Роналду
    Роналду. Фото: Twitter/AlNassr FC

    Кришитану Роналдудың командасы соңғы үш матчтың екеуінде жеңіліске ұшырады. Бұл әйгілі ойыншының ашуын келтірген, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Роналду намысын қорғайтын "Әл-Наср" клубы Сауд Арабиясы кубогінің жартылай финалында "Әл-Вахде" командасына 0:1 есебімен жол берді.

    Бұған дейін "Әл-Хилалдан" 0:2 есебімен ұтылып, "Әл-Фейхпен" тең түскен болатын.

    Криштиану аталған матчтарда мүлде көзге түскен жоқ.

    "Әл-Вахдемен" өткен ойынның 81-минутында Криштианудың есепті теңестіретін мүмкіндігі болған. Алайда ол мүлт кетті.

    Үзіліс кезінде ол қосалқы құрамда отырған командаластарына басын шайқап, айғайлап жібергені де камера назарына іліккен.

    38 жастағы португалдық ойыншы жаңа команда сапында 11 гол соқты.

    Қатарынан екі ойында ұтылған Роналду командаластарына айғайлап тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.