jitsu gif
Спорт

    "Манчестер Сити" мен "Арсенал" арасындағы ойында бес гол соғылды (видео)

    Грилиш
    Фото: Twitter/Manchester City

    Түнде футболдан Англия біріншілігінің 33-турының ойындары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Манчестер Сити" өз алаңында көш басында келе жатқан "Арсенал" клубын қабылдады. Тартысты өткен ойында Пеп Гвардиоланың шәкірттері 4:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Кевин де Брюйне (дубль), Джон Стоунз, Эрлинг Холанд - Роб Холдинг.

    Осылайша, лондондық клуб Англия чемпионатындағы басты қарсыласына есе жіберіп, маңызды үш ұпайдан айырылды.

    Айта кетейік, 33-турдан кейін "Арсенал" 75 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орында тұр. Ал екі матч кем өткізген "Манчестер Сити" 73 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан.

    "Манчестер Сити" мен "Арсенал" арасындағы ойында бес гол соғылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.