Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Матч кезінде жанкүйерлерден қысым көрген "Реал" ойыншысы жылап қалды

Опубликовано:

Винисиус Жуниор
Винисиус Жуниор. Фото: instagram/vinijr

"Реал" футбол клубының бразилиялық ойыншысы Винисиус Жуниор "Валенсияға" қарсы ойында жанкүйерлер тарапынан расистік қысымға тап болды, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ойын барысында "Валенсия" жанкүйерлері Винисиусты нәсіліне қатысты ауыр сөздермен мазақ қылған. Футболшы жағдайға мән бермеуге тырысқанымен, жанкүйерлер оның ашуын келтіріп тынды. Соның салдарынан ол трибунадағы көрермендермен сөзге келіп қалды.

Матч аяқталар тұста Винисиус ойыннан қуылып, "Реал" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы тұста ойыншы жанкүйер қысымына шыдамай, жылап қалған.

Бұл оқиғадан соң бразилиялық футболшы Испания чемпионатындағы расизмді ашық сынады.

"Мұндай жайт бірінші, екінші немесе үшінші рет болып отырған жоқ. Ла Лигада расизм қалыпты жағдайлардың бірі. Лига басшылығы да, федерация да мұны қалыпты дүние санайды, ал қарсыластар тек құптай жөнеледі.

Өте өкінішті. Бұрын Роналдиньо, Роналдо, Криштиану мен Мессиге тиесілі болған чемпионат қазір расистердің қолында. Бұл керемет ұлт мені қабылдап, мен де жақсы көріп кеткем. Бірақ расистік елдің образын танытуға бәрі келісіп отыр. Мұнымен келіспейтін испандықтар үшін де өкінішті. Бірақ қазір Испания Бразилияда расистер елі ретінде танымал. Әр апта сайын болып жатқан жайттардан соң, Испанияны қорғай алмаймын. Бірақ расистермен соңына дейін күресуге шамам жетеді. Тіпті, бұл жерден алшақта болсам да", - деп жазды Винисиус.

Бүгінде бразилиялық футболшыға Карим Бензема, Рио Фердинанд, Неймар, Антонио Рюдигер сынды әлемнің атақты ойыншылары қолдау көрсетуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2021525-matc-kezinde-zankuierlerden-qysym-korgen-real-oiynsysy-zylap-qaldy/

pixel