jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Футболдан Италия кубогының жеңімпазы анықталды

    Лукаку
    Лукаку. Фото: Twitter/UEFA Champions League

    Футболдан Италия кубогының жеңімпазы анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Рим қаласындағы "Олимпиада" стадионында өткен финалда "Интер" мен ""Фиорентина" кездесті. Тартысты өткен кездесуде миландық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Лаутаро Мартинес (дубль) - Николас Гонсалес.

    Осылайша, "Интер" футбол клубы қатарынан екінші жыл Италия кубогының жеңімпазы атанып отыр.

    Айта кетейік, бұған дейін "Интер" клубы "Миланнан" айласын асырып, Чемпиондар лигасының финалына шыққан еді. Симоне Индзагидің шәкірттері Стамбул қаласында өтетін ақтық мәреде "Манчестер Ситимен" шеберлік байқаспақ.

    Футболдан Италия кубогының жеңімпазы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.