Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясының чемпионаты аяқталды: Роналду сұрмергендер тізімінде бар ма

Опубликовано:

Роналду
Криштиану Роналдудың гол соққанына қуанған сәті. Фото: Twitter/AlNassr FC

Футболдан Сауд Арабиясының чемпионаты аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Криштину Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы 2022/23 маусымды екінші орынмен аяқтады. Біріншіліктің жеңімпазы атағына "Әл-Иттихад" ұжымы қол жеткізді.

Чемпионаттың сұрмергені Абдерразак Хамдалла болды. "Әл-Иттихад" шабуылшысының еншісінде 26 ойында 21 гол бар.

Ал Криштиану Роналду үздік бестіктің қатарынан табылды. Португалия құрамасы мен "Әл Наср" капитаны 16 матчта 14 доп соққан.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен "Әл-Наср" клубы қаңтар айының басында 2025 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2022928-saud-arabiyasynyn-cempionaty-ayaqtaldy-ronaldu-surmergender-tiziminde-bar-ma/

pixel