jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Еуропа чемпионы атанған белгілі футболшы Қазақстан азаматтығын алды

    Александр Зуев
    Александр Зуев. Фото: "Рубин" футбол клубының баспасөз қызметі

    Самаралық "Крыльев Советов" клубының футболшысы Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы РИА Новости ойыншының Телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Достар, мен Қазақстан паспортын алғанымды ресми түрде хабарлаймын. Енді өзімнің туған отанымның атынан алдағы Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы матчта ойнай аламын. Қазіргі уақытта Қазақстандамын және жақын күндері ұлттық құрама сапындағы алғашқы жаттығуымды жасаймын", - деді Александр Зуев.

    Ол Қазақстан намысын қорғау үлкен мәртебе екенін тілге тиек етіп, қазақстандық жанкүйерлер мен федерация өкілдеріне алғысын білдірді.

    "Қазақстан атынан өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе және ұлттық құрамаға пайдамды тигізу үшін барымды саламын", - дедіі футболшы.

    Айта кетейік, Александр Зуев 26 жаста. Ол Қазақстанда өмірге келіп, 2005 жылы Ресейге көшіп кеткен. Жартылай қорғаушы мансабында мәскелік "Спартак", "Ростов", "Рубин" секілді клубтарда доп тепкен. Қазіргі уақытта Александр Зуев "Крыльев Советов" клубының ойыншысы.

    Ол Ресей жастар құрамасымен бірге 17 жасқа дейін футболшылар арасында Еуропа чемпионы атанған.

    Еуропа чемпионы атанған белгілі футболшы Қазақстан азаматтығын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.