jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Аргентина сапында әлем чемпионы атанған жартылай қорғаушы "Ливерпуль" ойыншысы атанды (фото)

    Алексис
    Алексис Макаллистер. Фото: "Ливерпуль" футбол клубының баспасөз қызметі

    Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Алексис Макаллистер "Ливерпуль" ойыншысы атанды. Бұл ақпаратты "Ливерпуль" клубының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында расттады.

    Журналист Фабрицио Романо ұсынған ақпаратқа сәйкес, "Ливерпуль" клубы жартылай қорғаушыны "Брайтоннан" 40,7 миллион еуроға сатып алған.

    Әзірге аргентиналық қорғаушы мен ағылшындық ұжымның қанша жылға келісімшартқа отырғаны белгісіз.

    Айта кетейік, Алексис Макаллистер "Брайтон" сапында 112 ойынға қатысып, жиырма гол соққан және тоғыз рет нәтижелі пасымен көзге түскен.

    Жартылай қорғаушы өткен жылы Катарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен бірге турнирдің жеңімпазы атанды.

    Аргентина сапында әлем чемпионы атанған жартылай қорғаушы "Ливерпуль" ойыншысы атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.