Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Сан-Мариноға қарсы матч алдында не айтты

Жарияланған күні:

Тренер Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Сан-Мариномен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, маңызды кездесу мен команданың көңіл-күйі туралы баяндап берді. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды.

Магомед Адиев Сан-Марино және Солтүстік Ирландияға қарсы матчтардың құрамы басқаша болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ.

"Біз бірінші және екінші қарсыласпен қалай ойнайтынымызды әрқашан жоспарлаймыз. Үнемі жадымызда ұстайтын жоспарлы өзгерістер бар. Бірақ ойында әртүрлі жағдайлар болады. Сан-Мариномен ойыннан кейін біздің құрамда өзгерістер болуы ықтимал деп ойлаймын", - деді ол.

Осы орайда бас бапкер Сан-Мариноға қарсы ойында Қазақстан құрамасының фаворит ретінде саналғанына көзқарасын білдірді.

"Көзқарастың жақсы жаққа өзгеріп, барлық қарсыластарымыздың бізге деген құрметі арта түскені мені қуантады. Біздің команда фаворит саналатын күн туды. Бірақ мен мұны байсалдылықпен қабылдаймын, өйткені мен үшін ештеңе білдірмейді. Фаворит болғаның үшін ұпай берілмейді. Ойын нәтижесі ғана барлығын шешеді", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді.

Бүгін, 16 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі.

Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды.

Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025091-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-bas-bapkeri-san-marinoga-qarsy-matc-aldynda-ne-aitty/