Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны ұтты. Есеп 0:1, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің ойыны Белфаст қаласындағы "Уиндзор Парк" стадионында өтті.
Матчтың "тағдырын" Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің 88-минутта соққан голы шешіп кетті.
Ол Солтүстік Ирландияның екі қорғаушысын алдап өтіп, қақпашыдан айласын асырды.
Осылайша, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Қазіргі уақытта Магомед Адиевтің шәкірттерінің еншісінде тоғыз ұпай бар. Бұған дейін ұлттық құрама Словенияға есе жіберіп, Дания мен Сан-Маринодан басым түскен еді.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы келесі кездесуін өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025500-88-minutta-gol-soqty-futboldan-qazaqstan-quramasy-syrt-alanda-soltustik-irlandiyany-utty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.