Евро-2024: Қазақстан командасы тұңғыш рет іріктеу сынында 9 ұпай алды
Опубликовано:
Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны ұтты. Осыдан соң, 9 ұпаймен топтағы екінші орынды сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Түнде Белфастта өткен сырт алаңдағы матчта Магомед Адиев шәкірттері жеңіске жеткен болатын.
Ойынның 88 -минутында Абат Айымбетов гол соғып, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.
Қазір Қазақстан командасы 9 ұпаймен Н тобында екінші орында тұр. Төрт тур қорытындысы бойынша 9 ұпай жинаған Финляндия құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші сатыда орналасқан.
Үшінші орынға 7 ұпаймен Дания құрамасы жайғасты.
Айта кетелік, бұл футболдан Қазақстан командасы көрсеткен тарихи нәтиже. Бұған дейін Еуропа чемпионаттарына іріктеу турнирі аясында біздің құрама екінші орынға көтерілмеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025560-evro-2024-qazaqstan-komandasy-tungys-ret-irikteu-synynda-9-upai-aldy/