jitsu gif
Спорт

    Алғаш рет Қазақстанға қарсы шыққан: әйгілі Роналду ұлттық құрамадағы 200-ойынын өткізді

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images

    Криштиану Роналду тағы бір тарихи нәтиже тіркеді. Ол ұлттық құрама сапындағы 200-ойынын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осылайша, Роналду ұлттық құрама сапында 200 ойын өткізген тарихтағы алғашқы футболшы атанды.

    Криштиану 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Исландияға қарсы ойнап, 89-минутта матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын соқты.

    Бұған дейін ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген кувейттік Бадер әл-Мутава болатын. Ол құрама сапында жасыл алаңға 196 рет шыққан.

    Бір қызығы, Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы ең алғашқы ойынын 2003 жылы Қазақстанға қарсы өткізген.

    Қазіргі таңда 38 жастағы ойыншы "Алтын допты" бес рет иеленіп, Еуропа чемпионаты мен Ұлттар лигасында топ жарды.

    Алғаш рет Қазақстанға қарсы шыққан: әйгілі Роналду ұлттық құрамадағы 200-ойынын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.