Еуропалық клубта доп тепкен қазақстандық футболшы "Атырау" ойыншысы атанды
Опубликовано:
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Атырау" ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Геворг Наджарян "Атырау" футбол клубымен келісімшартқа қол қойды,
Геворг Қазақстан Премьер-лигасында 100-ден астам ойын өткізді. 2019 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасында дебютін жасады. Геворгқа ақ-жасылдар сапында жаңа жеңістерді бағындыруды тілейміз. Қош келдің, Гева", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Геворг Наджарян 1998 жылы 6 қаңтарда Арменияда өмірге келген. Ол екі жасында ата анасымен бірге Қазақстанға көшіп келген.
Жартылай қорғаушы кәсіпқой мансабында "Шахтер", "Астана", "Пюник" (Армения), "Ван" (Армения) секілді клубтарда доп тепкен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029157-europalyq-klubta-dop-tepken-qazaqstandyq-futbolsy-atyrau-oiynsysy-atandy/