jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы қатарына белгілі футболшыны қосты (фото)

    Роналду
    Роналду "Әл-Наср" дайындығында. Фото: Twitter/AlNassr FC

    Криштиану Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы тағы бір белгілі футболшымен келісімшартқа отырды.

    Бұл туралы "Әл-Наср" клубы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

    Онда Сауд Арабиясында өнер көрсететін ұжым қатарына "Ланс" жартылай қорғаушысы Секо Фофананы қосқаны айтылған.

    The Athletic мәліметінше, трансфер сомасы 25 миллион еуроны құраған.

    Өткен маусымда Фофана Франция біріншілігінде 35 матчқа қатысып, 7 гол соққан және 5 мәрте нәтижелі пасымен көзге түскен.

    Айта кетейік, бұған дейін "Әл-Наср" клубы қатарына Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Марцело Брозовичті қосқан еді.

    Сонымен қатар ұжым Марокко құрамасы мен лондондық "Челсидің" жартылай қорғаушысы Хаким Зиешпен келіссөз жүргізуде.

    Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы қатарына белгілі футболшыны қосты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.