jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Астана" клубы Грузияда ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды (видео)

    ойыншы
    Фото: "Астана" футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасы

    "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының келесі айналымына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирдің алғашқы кезеңінде елордалық ұжым тбилисилік "Динамо" клубымен шеберлік байқасты. "Астана аренада" өткен ойында 1:1 есебі тіркелген еді.

    Түнде Борис Пайчадзе атындағы "Динамо-Арена" стадионында қос команда арасындағы қарымта матч өтті.

    Есепті алаң иелері 22-минутта ашты. Гол авторы: Усман Камара.

    Ал екінші таймда "Астана" футболшылары жылдам екі гол соғып, жеңісті жұлып алды.

    Алдымен Абзал Бейсебеков таразы басын теңестірсе, араға бір минут салып Дембо Дарбо "Динамо" қақпашысынан айласын асырып кетті.

    Осылайша, "Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алып отыр. Енді елордалық ұжым "Динамо Загреб" командасымен 25 шілде және 1 тамыз күндері матч өткізеді.

    Чемпиондар лигасы: "Астана" клубы Грузияда ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.