jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Челси" сапынан тағы бір ойыншы кетті

    Пьер-Эмерик Обамеянг
    Пьер-Эмерик Обамеянг. Фото: Harriet Lander - Chelsea FC/Chelsea FC via Getty Images

    Лондондық "Челси" сапында өнер көрсеткен Пьер-Эмерик Обамеянг "Марсель" ойыншысы атанды.

    Бұл ақпаратты франциялық клубтың баспасөз қызметі растады.

    Әзірге келісімшарт туралы толық ақпарат шыққан жоқ. Алайда журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, 34 жастағы шабуылшы мен "Марсель" клубы 2026 жылға жейін келісімшартқа отырған.

    Өткен маусымда Пьер-Эмерик Обамеянг "Челси" сапында бар болғаны 15 матчқа қатысып, бір мәрте мергендігімен көзге түсті.

    Ол лондондық ұжымнан бөлек "Боруссия Дортмунд", "Барселона", "Арсенал", "Монако" секілді клубтарда доп тепкен.

    "Челси" сапынан тағы бір ойыншы кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.