jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме

    "Реал Мадридтің" стадионы
    Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

    Қазақстан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізбейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен бірлесіп өтінім беруді ұсынды деген ақпарат тараған болатын.

    Бұған қатысты Мәдениет және спорт министрлігі пікір білдіріп, Қазақстан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізбейтінін жеткізді.

    "Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз", - делінген хабарламада.

    Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.