Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - арман": әлемге әйгілі төреші Қазақстан мен Өзбекстанның әлем чемпионатын өткізуіне қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Равшан Ирматов Неймарға сары қағаз көрсетуде
Равшан Ирматов пен Неймар. Фото: instagram/rfsruofficial

Жақында Қазақстан мен Өзбекстанда футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге ниетті екені айтылды. Бұған қатысты әйгілі төреші Равшан Ирматов пікір білдірді, деп жазады Qalampyr.uz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл - арман. Десе де, біз арманға жету үшін қадам басуымыз керек", - деді әлемдік деңгейдегі төреші, Өзбекстан футбол федерациясының вице-президенті Равшан Ирматов.

Айта кетелік, түркі тілдес елдер арасындағы футбол мәселелерін талқылауға арналған жиында Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылғы әлем чемпионатын бірлесе өткізуге ұсыныс білдіруі мүмкін екендігі айтылды.

Алайда кейін бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі ресми түрде жоққа шығарды.

"Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз", - деп мәлімдеді министрлік.

Равшан Ирматов - әлемге әйгілі өзбекстандық төреші. Ол футболдан үш әлем чемпионатында төрелік еткен.

2019 жылы төрешілік қызметімен ресми түрде қоштасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029826-bul-arman-alemge-aigili-toresi-qazaqstan-men-ozbekstannyn-alem-cempionatyn-otkizuine-qatysty-oiyn-aitty/

pixel