jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: аты аңызға айналған италиялық қақпашы 45 жасында мансабын аяқтады

    Вратарь Джанлуиджи Буффон
    Джанлуиджи Буффон. Фото: instagram.com/parmacalcio1913/

    Атақты қақпашы Джанлуиджи Буффон үлкен спорттағы мансабын аяқтау туралы шешімге келген. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

    Оның сөзінше, қақпашы алдағы күндері үлкен спорттағы мансабын аяқтағанын хабарлайды.

    Айта кетейік, Италия құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Джанлуиджи Буффон қазіргі уақытта 45 жаста.

    Ол "Ювентуспен" он мәрте Италия чемпионатын және бірнеше Италия кубогын жеңіп алған.

    Аты аңызға айналған қақпашы туриндік клубтан бөлек "Парма", "ПСЖ" клубтарының намысын қорғаған.

    БАҚ: аты аңызға айналған италиялық қақпашы 45 жасында мансабын аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.