jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Конференция лигасы: бүгін "Ордабасы", "Тобыл", "Ақтөбе" қарымта матч өткізеді

    Футбол
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін, 3 тамызда Конференция лигасының жауапты матчтары өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Іріктеу кезеңінің екінші айналымында үш қазақстандық клубтың өнер көрсетіп жатқаны белгілі.

    Астана уақытымен 20:00-де "Тобыл" мен швейцариялық "Базель" арасындағы матч басталады.

    22.00-де "Ақтөбе" өз алаңында Грузияның "Торпедо Кутаиси" клубын қабылдайды.

    Түнгі 00.50-де шымкенттік "Ордабасы" Польшада жергілікті "Легиямен" ойнамақ.

    Қазақстандықтар аталған матчтарды Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.

    Айта кетейік, алғашқы матчта "Ақтөбе" мен "Тобыл" қарсыластарынан басым түссе, "Ордабасы" өз алаңында тең ойнады.

    Конференция лигасы: бүгін "Ордабасы", "Тобыл", "Ақтөбе" қарымта матч өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.