Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Тобыл" Еуропаның атақты клубын жарыс жолынан шығарды

Опубликовано:

Футбол
Футболшы жарақат алды. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Конференция лигасының екінші айналымында "Тобыл" швейцариялық "Базельмен" шеберлік байқасты.

Қос ұжым арасындағы алғашқы ойында қостанайлық ұжым сенсация жасап, 1:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бүгін, "Тобыл" өз алаңында қарымта матчта 1:2 есебімен ұтылды. Десе де екі матчтың қорытындысы бойынша қостанайлық команда келесі кезеңге жолдама алып отыр.

Енді отандық клуб Конференция лигасының үшінші айналымында "Дерри Сити" (Ирландия) — КуПС (Финляндия) жұбының жеңімпазымен матч өткізбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2031189-konferenciya-ligasy-tobyl-europanyn-ataqty-klubyn-zarys-zolynan-sygardy/

pixel