jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбе" өз алаңында ұтылса да, Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

    футболшы
    Фото: "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі

    "Ақтөбе" Конференция лигасының келесі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Конференция лигасының екінші айналымында "Ақтөбе" Грузияның "Торпедо Кутаиси" клубымен шеберлік байқасты.

    Қос ұжым арасындағы алғашқы матч Грузияда өтіп, алаң иелері 1:4 есебімен қарсыласына есе жіберген еді.

    Ақтөбе қаласындағы өткен қарымта ойында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов есеп ашса, "қонақтар" сапынан Георгий Арабидзе мен Ираклий Бугридзе мергендігімен көзге түсті.

    Кездесу 1:2 есебімен "Торпедо Кутаиси" пайдасына аяқталды.

    Қос ойынның нәтижесінде "Ақтөбе" келесі кезеңге жолдама алып, Конференция лигасының үшінші айналымына шығып отыр.

    "Ақтөбе" өз алаңында ұтылса да, Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.