Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челси" - "Ливерпуль": дағдарыстағы алыптардың қайсы маусымды жеңіспен бастайды

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

АПЛ-дың бірінші турының орталық матчы ешкімді бей-жай қалдырмайды. 13 тамызда "Стэмфорд Бриджде" "Челси" мен "Ливерпуль" ойын алаңында бас түйістіретін болады - олар өткен маусымда сәтсіздікке ұшыраған Премьер-Лиганың танымал үздіктері болған. Parimatch сарапшылары алдағы матч туралы өз пікірімен бөлісті.

"Челси"

Өткен маусымда лондондықтардың жағдайы құлдырау шыңына жеткен. Жаттықтырушылардың ауысулары, ойыншыларының жарақаттары және артқан үмітті ақтай алмаған жаңадан келгендер "көктерді" чемпионатта 12-орынға дейін шегіндіріп жіберді. Трансферге жұмсалған шығын, "отқа май құйғандай" көрінеді: 22/23 маусымда "ақсүйектер" 611 миллион еуро жұмсады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жаттықтырушы Маурисио Почеттино орын алған жағдайды түзетуі керек.

Маусым аралығы "Челси" үшін қайта құру ұранымен өтті. Команда құрамынан ойыншылардың көп бөлігі кетіп қалды, олардың арасында Н'Голо Канте, Кай Хавертц, Мейсон Маунт және көпжыл бойы капитан болған Сесар Аспиликуета бар. Трансфер бойынша келгендердің ішінде Бундеслига жұлдызы Кристофер Нкунку, сондай-ақ Аксель Дисаси және Николас Джексонды атап өткен жөн. Шабуыл жасайтын футболға бағыталған жас ойыншылар және Почеттинодің жастарымен жұмыс істей алатын қабілеті, алдағы маусы сәтті өтеді деген үмітті оятады.

"Ливерпуль"

Өткен маусым мерсисайдтарды да біраз шайқап жіберді. Әдетте тұрақты болып көрінетін "Клопп бандасы" команда көшбасшыларының жарақаттарына, қорғаныс қателіктеріне және жаңадан келген Дарвин Нуньестің өзін көрсете алмауына байланысты қиындықтарға тап болды. Нәтижесінде - чемпионат барысындағы тұрақсыздық және оның айқын қорытындысы ретінде 5-нші орын. Бірақ соған қарамастан, Юрген Клопп көшбасшылықта қалды және жаңа маусымда "қызылдарға" алдыңғы қатарлардағы команда мәртебесін қайтаруға дайын.

"Скаузерлер" үзілісті пайдаланып, команда құрамына жастарды қосуды ұйғарды. Командамен Джеймс Милнер, Роберто Фирмино және Фабиньо және капитан Джордан Хендерсон қош айтысты. Олардың орнына Клопптың шабуылдаушы жүйесіне өте ыңғайлы Алексис Мак Алистер мен Доминик Собослаи келді. Егер жаңадан келгендер жарақат алмаса, олар "Ливерпульге" тез бейімделетін болады, әсіресе Мак Аллистердің "Брайтон" үшін АПЛ-да ойнағанын ескерсек, оған тіпті жеңілірек болуы тиіс.

Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері.

Екі команданың да уәждемесі айқын-өткен маусымдағы сәтсіздіктен кейін жеңіске жету. Parimatch сарапшылары клубтарға шамамен бірдей мүмкіндік береді: олар "ақсүйектердің" жеңісін 2.90-ға бағаласа, қарсыласын 2.37-ге бағалап отыр. Алайда соңғы 2 маусымда клубтардың бетпе – бет кездесулерін ескере отырып, тең ойын нәтижесінің ықтималдығы жоғары - 3.75.

Почеттино мен Клопп өз клубтарына комбинациялық шабуыл футболын жасайтын болады, демек, Сіз көптеген гол болатынына күмәнданбауыңыз керек. Сондықтан, "тотал 2,5-тен жоғары" нәтижесінің коэффициенті өте тартымды-1.68. Екі команданың да гол соғу ықтималдығы жоғары - Parimatch сарапшылары бұл нәтижені 1.57-ге бағалайды.

"Челси" мен "Ливерпуль" матчына ұтыс тігіңіз де, Parimatch-пен бірге жарқын эмоцияларға бөленіңіз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс - шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300% бонус. Алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз!

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2032151-celsi-liverpul-dagdarystagy-alyptardyn-qaisy-mausymdy-zenispen-bastaidy/

pixel