Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Жеңіс голын соғып, шоқынған Криштиану Роналду қамауға алынуы мүмкін

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/alnassr

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсететін футбошы Криштиану Роналду соққан голынан кейін шоқынды. Бұл іс-әрекеті үшін ол қамауға алынуы мүмкін, деп жазады Italy 24 News.

9 тамызда Араб елдерінің Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Әл-Шорта" мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" клубтары кездесті.

Матчта тек бір гол соғылды. Пенальтиден мүлт кетпеген португалиялық "Әл-Насрға" жеңіс сыйлады. Осыдан кейін Роналду шоқынып, артынша өзінің стилінде жеңісті тойлаған.

Алайда басылымның жазуынша, Сауд Арабиясында христиан дінін ұстанатынын ашық түрде білдіруге тыйым салынған.

"Роналду клубтың жоғарғы басшылығынан кем дегенде бір ескерту алу қаупі бар. Мұнда христиан дініне қатысты заттар мен белгілерді дұға ету немесе көпшілік алдында көрсету қылмыс болып саналады, ол үшін қамауға алынады", - делінген басылым мәтінінде.

БАҚ-тың ақпаратынша, бұған дейін мұндай оқиға болған. "Әл-Насрдың" бұрынғы ойыншысы, колумбиялық Хуан Пабло Пино сауда орталығында Исаның бейнесі салынған татуировкасы жеңі жоқ көйлегінен көрініп қалғаны үшін қамауға алынды.

"Бірақ Криштиануға келер болсақ, билік оған көз жұма қарауы мүмкін. Өйткен, Роналду - Сауд Арабиясы футболының бүгінгі күнге дейінгі ең құнды және жемісті активі", - деп жазады журналистер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2032215-baq-zenis-golyn-sogyp-soqyngan-kristianu-ronaldu-qamauga-alynuy-mumkin/

pixel