jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Анасы жасырған: футболдан әлем чемпионы атанған қыздың әкесі финал алдында қайтыс болды

    Ольга Кармона жасыл алаңда
    Ольга Кармона. Фото: instagram/olgacarmona7

    Футболдан әлем чемпионы атанған Испания құрамасының капитаны Ольга Кармонаның әкесі финал алдында қайтыс болды. Ал анасы бұл хабарды ойын біткенше жасырған, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ольга Кармона финалда Англия құрамасының қақпасына жалғыз гол соғып, командасын тұңғыш рет чемпиондыққа алып келді.

    Ал финалдан бір күн бұрын Ольганың әкесі көз жұмған. Сиднейде өткен шешуші матчқа аттанар алдында футболшының анасы да бұл хабарды естиді.

    Бірақ қаралы хабарды қызынан да, Испания футбол федерациясынан да жасырған. Ольгаға әкесінің қазасы туралы финалдық матч аяқталған соң естіртеді.

    Сондай-ақ Ольга Кармона доп тебетін "Реал Мадрид" клубы ресми түрде қаралы жайтты жариялап, футболшыға көңіл айтады.

    Кармона матчтан соң әкесі туралы жантебірентерлік сөз қозғады.

    "Сенің маған күш бергеніңді білемін. Осы кеште мені қарап отырғаныңды да білемін. Қош бол, әке. Бұл мен үшін ең күшті әрі ең жаман күн болды. Менің осы бір тарихи сәттен ләззат алғанымды көргің келгенін білемін. Бұл жеңісім саған арналады, әке", - деді Кармона.

    Анасы жасырған: футболдан әлем чемпионы атанған қыздың әкесі финал алдында қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.