jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Аңызға айналған қос ойыншы: Джокович Мессимен бірге түскен суретін жариялады (фото)

    Лионель Месси мен Новак Джокович
    Лионель Месси мен Новак Джокович. Фото: instagram.com/djokernole

    Сербиялық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович Instagram парақшасында әлем футболының жұлдызы аргентиналық Лионель Мессимен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Үлкен дулыға" турнирінің 23 дүркін жеңімпазы болған дүниежүзінің екінші ракеткасы мен "Алтын допқа" 7 рет ие болған әлемдік деңгейдегі футболшы Нью-Йорктегі мейрамханалардың бірінде кездесті.

    Теннисші жариялаған жазбасының сипаттамасында испан тілінде пікір қалдырды.

    "Сенімен бір кездесіп, сөйлескеніме өте қуаныштымын. Әдеттегідей өзің мен отбасыңа сәттілік және денсаулық тілеймін", — деп жазды Джокович Instagram парақшасындағы жазбасында.

    Еске сала кетейік, Джокович тенниске 28 тамыз күні АҚШ Ашық чемпионатында оралады. Сербия US Open чемпионатында 2011, 2015, 2018 жылдары үш рет жеңіске жеткен болатын.

    Мессиге келер болсақ, ол Major League Soccer кәсіби футбол лигасында спорттық кәсібін сәтті жалғастыруда, ол жерде Месси "Интер" (Майами) сапында ойнап жүр.

    Аңызға айналған қос ойыншы: Джокович Мессимен бірге түскен суретін жариялады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.