Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан құрамасы гол соққан сәтте қалай қуанды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин командаға жанкүйер болуда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин. Скриншот: Ақорда

Астанада футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы матч өтіп жатыр. Ойынды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стадионнан тамашалауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірінші таймның 27-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самордов Солтүстік Ирландия қақпасын дәл көздеп, команданы алға шығарды.

Осы сәтте Қазақстан президенті Тоқаев орнына тұрып, Самородовтың голына қол соғып, құрмет көрсетті.

Айта кетелік, матчты тамашалауға әйгілі боксшы Геннадий Головкин де келіп, құрамаға жанкүйер болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2036019-toqaev-qazaqstan-quramasyna-gol-soqqan-satte-qalai-quandy-video/

pixel