jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    "Президенттің қолын ұстадым!": Тоқаевтан жылы лебіз естіген Нұралы Әліп эмоциясын жасыра алмады

    Президенттің қолын алған Нұралы Әліп
    Президенттің қолын алған Нұралы Әліп. Видеодан кадр: facebook.com/aza.azamatuly

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолын алған Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы, танымал футболшы Нұралы Әліп эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада өткен матчта Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

    Ұлттық құраманың жарқын жеңісінен кейін ойынды тамашалауға арнайы келген президент киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, футболшыларды құттықтады.

    Футболшылар мемлекет басшысын зор қошеметпен қарсы алып, оған доп тарту етті.

    "Командамыздан атынан сізге сыйлық. Қолдауларыңызға көптен-көп рахмет!", - деді команда капитаны Асхат Тағыберген.

    Өз кезегінде команда қорғаушысы Нұралы Әліп президенттің қолын алып, қуаныштан эмоциясын жасыра алмады.

    Футболшының шынайы эмоциясы желі қолданушыларының арасында қызу талқылануда.

    "Президенттің қолын ұстадым!": Тоқаевтан жылы лебіз естіген Нұралы Әліп эмоциясын жасыра алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.