Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболшылар Тоқаевты үлкен қошеметпен қарсы алды (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев футболшыларды құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев футболшыларды құттықтады. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан командасы Солтүстік Ирландияны жеңген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев ойыншыларды құттықтау үшін киім ауыстыратын бөлмеге келді. Бұл туралы федерацияның ресми парақшасы хабарлайды.

Президент бүгінгі жеңістен соң футболшыларды құттықтау үшін киім ауыстыратын бөлмеге арнайы келген.

Ойыншылар мемлекет басшысы зор қошеметпен қарсы алып, оған доп тарту етті.

Футболдан Қазақстан құрамасы президентті қарсы алуда
Футболдан Қазақстан құрамасы президентті қарсы алуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

"Бүгінгі қолдауларыңыз үшін рахмет! Сізге осы допты сыйлаймыз", - деді команда капитаны Асхат Тағыберген.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұралы Әліп
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұралы Әліп. Фото: t.me/aqorda_resmi

Айта кетелік, мемлекет басшысы ұлттық құрама ойынын тамашалау үшін арнайы келді.

Сондай-ақ ол команда ойыншылары гол соққанда орнынан тұрып, қошемет көрсетті.

Ал осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы топта 12 ұпай жинап, әзірге екінші орынға шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2036024-men-prezidenttin-qolyn-ustadym-futbolsylar-toqaevty-qalai-qarsy-aldy-video/

pixel