jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Цюрихке барамыз деген ойдамыз": Тағыберген ФИФА жүлдесіне үміткер болуына қатысты пікір білдірді

    Қазақстан футбол құрамасының капитаны Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген өзінің Пушкаш жүлдесіне үміткер болуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

    Тағыберген ФИФА жүлдесіне үміткер екенін естігеннен кейін қандай сезімде болғанын жеткізді. Футболшы жеңіске жетуге ниетті екенін де айтып қалды.

    "Өте қуаныштымын. Мұндай жүлдеге қазақстандық футболшы бірінші рет ілініп жатыр. Қуанышымда шек жоқ. Қолдау білдіріп жатқан барша халыққа, жанкүйерлеріме көп рахмет. Ыстық лебіздерін, бәрін естіп жатырмыз. Енді Цюрихке барып келсек те әдемі болатын еді. Басқаларды көрдім. Менен де әдемі гол соққандар бар. Көреміз енді. Қазақстан болып бәріміз дауыс берсек, барамыз деген ойдамыз", - деді Тағыберген.

    Бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Данияға қарсы ойында соққан голы үшін Пушкаш жүлдесін алуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

    "Цюрихке барамыз деген ойдамыз": Тағыберген ФИФА жүлдесіне үміткер болуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.