jitsu gif
Спорт

    Қазақстан футбол құрамасының капитаны ФИФА жүлдесіне үміткер атанды

    Қазақстан футбол құрамасының капитаны Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Данияға қарсы ойында соққан голы үшін Пушкаш жүлдесін алуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ халықаралық футбол федерацияциясының (ФИФА) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    ФИФА өзінің ресми сайтында үздік голдар тізімін жариялады.

    Олардың қатарында Асхат Тағыбергеннің Евро-2024 іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы матчта салған голы да бар. Аталмыш голдың арқасында қазақстандықтар есепті теңестіріп, соңында 3:2 есеппен жеңіске жеткен еді.

    ФИФА сайтында үздік голға дауыс беру басталды.

    Айта кетейік, Асхат Тағыбергенннен бөлек, Пушкаш жүлдесіне тағы 10 футболшы үміткер.

    Еске сала кетейік, бұған дейін "Ақтөбе-Ордабасы" матчы кезінде жанкүйерлер Асхат Тағыбергенге балағат сөз айтқанын жазған болатынбыз.

    Кейін бұған қатысты Асхат Тағыбергеннің әйелі пікір білдірді. Асхат Тағыбергенге футболшы Елдос Ахметов те қолдау білдірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.