Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатына іріктеу: футзалдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзербайжанды қабылдайды

Опубликовано:

Футзал
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Бүгін, 11 қазан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің элиталық раундының матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжан командасын қабылдайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары арасындағы матчтың тікелей трансляциясын Астана уақытымен сағат 20:00-де Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Әлем чемпионатының финалдық турнирі 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы үш турдан кейін тоғыз ұпай жинап, өз тобында көш бастап тұр. Екінші орында алты ұпаймен Румыния болса, үш ұпай алған Әзербайжан құрамасы үшінші орынға жайғасты. Ал Нидерланд командасы 0 ұпаймен ең соңғы орында.

Қазақстан мен Әзербайжан құрамаларының бірінші кездесуі 2:4 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2040401-alem-cempionatyna-irikteu-futzaldan-qazaqstan-quramasy-oz-alanynda-azerbaizandy-qabyldaidy/

pixel