jitsu gif
Спорт

    "Жеңіліс намысымызға тиді": бас бапкер Финляндияға қарсы матч алдында не айтты

    Футболдан Қазақстан құрамасы жеңісті сәтті тойлауда
    Футболдан Қазақстан құрамасы: kff.kz

    Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде Финляндиямен өтетін ойынға қатысты пікірін айтты. Бұл туралы Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    – Магомед Мұсаұлы, Даниядан жеңілгеннен кейін команданың функционалдық және эмоционалдық жағдайы қалай?

    – Әрине, жеңіліс біздің намысымызға тиді. Біз Даниядағы ойынымыз үшін құрметке лайық едік. Жігіттердің уайымы бар екенін байқаймын, алайда өткен ойынды ұмытып, финдерге қарсы дайындалу керек екенін айттық. Ешқандай мәселе болмауы керек.

    – Ойынға қорғаныс жоспарын дайындап жатырсыз ба, әлде Финляндияны таңғалдыруға тырысасыз ба?

    – Толықтай қорғаныста отыра бермейміз. Маңызды үш ұпайдың тағдыры шешілетін ойын. Команданың құрамында өзгерістер болады, бұл жоспарланған ротация. Күшімізді тең бөлуге тырысамыз.

    – Финляндиямен өтетін ойынға Александр Зуев алаңға шығуы мүмкін бе?

    – Зуев өзін жақсы сезінеді, бірақ Алматыда біраз жайсыздықтар болған-ды. Даниямен ойын алдында оның шығуы туралы ойламадым. Бірақ бүгінде оны алаңға шығару туралы ой бар. Барлығын жаттығудан кейін шешеміз.

    – Бағдат Қайыровтың Даниямен матчтағы ойынын қалай бағалайсыз?

    – Ол жақсы ойын көрсетті. Қорғаныста жақсы ойнады, оның құнды қасиеті – өз айып алаңының алдында жақсы ойнауы. Бірақ ол өзінің тікелей міндеттерімен қатар шабуылға да көмектесті. Нәтижелі пас беріп, гол соға да жазады.

    – Ян Вороговский Астанаға көшкеннен кейін сынға ұшырап, оның Бельгияда ойнаған кезеңімен салыстырғанда нашар ойнай жүргені айтылып жүр. Сіз мұнымен келісесіз бе?

    – Ян шынымен де бабын аздап жоғалтып алды, бірақ неге бұлай болды? Ол "Астанамен" оқу-жаттығу жиынына қатыспады, оның командасы Бельгияда демалыста болды. Жаңа клубына дайындықсыз келген. Сондықтан оның функционалдық жағдайында мәселелер болды. Қазір оның дайындығы әлдеқайда жақсарды.

    "Жеңіліс намысымызға тиді": бас бапкер Финляндияға қарсы матч алдында не айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.