Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер Криштану Роналдуды жарақаттады (видео)

Опубликовано:

Футболист Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Tom Weller/picture alliance via Getty Images

Босния және Герцеговина мен Португалия құрамасы арасындағы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы кезінде келеңсіз жағдай орын алды. Алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуды жарақаттаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Футбол жанкүйері бес дүркін "Алтын доп" иегерімен суретке түсу үшін алаңға жүгіріп шығып, шабуылшыға қарай ұмтылған. Алайда стюарттар ережені бұзған жігітті қуып жетіп алды. Сол сәтте ол абайсызда Криштиану Роналдудың аяғын басып кеткен.

Желіде тарап кеткен видеода Португалия капитаны алаң сыртына шығып, аяғын ауырсынып тұрғанын көруге болады. Португалия ұлттық құрамасы бұл жағдай жайлы мәлімдеме жасамады. Жарақат алып қалғаны туралы да ресми хабарлама болған жоқ. Алайда жанкүйер суретке түсемін деп, футболшыны жарақаттап ала жаздағаны белгілі.

Айта кетейік, Португалия Еуроға іріктеу матчы кезінде Босния және Герцеговинаны 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Бұл кездесуде Криштиану Роналду екі голдың авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2041395-kristanu-ronaldudy-alanga-zugirip-syqqan-zankuieri-zaraqattady-video/

pixel