jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы камбэк жасап, сырт алаңда Финляндияны жеңіп кетті

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: EMMI KORHONEN/LEHTIKUVA/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан құрамасы ЕВРО-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндия командасымен кездесті. Тартысты матчта отандастарымыз тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Хельсинки қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы камбэк жасап, қарсыласын сырт алаңда жеңіп кетті. Ойын 1:2 есебімен отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.

    Алаң қожайындары 28-минутта есеп ашты. Финляндия сапынан Роберт Тэйлордың соққысы Игорь Шацкийдің қақпасына дәл тиген.

    Алайда кездесудің 77-минутында Бахтиер Зайнутдинов пенальтиді сәтті орындап, есеп теңестірді.

    Кейін ойынның 89-минутында Зайнутдинов дубль жасады. Ол бұрыштамадан келген пасты қақпаға дәл тигізіп, ұлттық құраманы алға шығарды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде алғаш рет 15 ұпай иеленіп отыр.

    Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы камбэк жасап, сырт алаңда Финляндияны жеңіп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.