Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың ұлы "Әл-Насрда" ойнауға мүмкіндік алды

Опубликовано:

Криштиану Роналду ұлымен
Криштиану Роналду ұлымен. Фото: arriyadiyah.com

"Әл-Наср" футбол клубы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырды. Ол саударабиялық команданың академиясында жаттығатын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Криштианудың 13 жастағы үлкен ұлы "Әл-Насрдың" 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер командасында ойнайды. Ол әкесі сияқты 7-номерлі жейдемен ойнауды жөн көрді. Бұл ақпаратты Аrriyadiyah.com басылымы хабарлады.

Роналдудың ұлы бұған дейін Испанияда "Посуэло" командасында ойнап, екі жылда 55 гол соққан. Одан кейін Туриннің "Ювентус" жасөспірімдері құрамында болды. Италияда 28 ойынға қатысып, 58 гол, 18 нәтижелі пас берген.

Сосын "Манчестер Юнайтед" академиясында жаттықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2041879-ronaldudyn-uly-al-nasrda-oinauga-mumkindik-aldy/