jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбе" футбол клубы сырт алаңда ұпай жоғалтты

    "Ақтөбе" футбол клубы
    "Ақтөбе" футбол клубы. Фото: fc-aktobe.kz

    "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасы аясында көкшетаулық "Оқжетпеспен" сырт алаңда ойын өткізді. Бірақ "Астана Аренада" өткен ойында жеңімпаз анықталмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясындағы матчта "Оқжетпеске" қарсы ойнады. Бірінші таймның соңғы минуттарында қонақтар ойын ережесін бұзғандықтан, алаң иелеріне пенальти орындауға мүмкіндік берілді. Сол кезде "Оқжетпес" командасының шабуылдаушысы Жасұлан Молдақараев айып добынан гол соғып, есеп ашты.

    Екінші таймда "Ақтөбе" командасының ойыншысы Шина матчтың 56-минутында баспен гол салып, есеп теңестірді. Осылайша ойын 1:1 есебімен аяқталды.

    Қазір "Оқжетпестің" 26 ұпайы бар. Олар турнир кестесінде 12-орында тұр, ал "Ақтөбе" 49 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.

    "Ақтөбе" футбол клубы сырт алаңда ұпай жоғалтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.