jitsu gif
Спорт

    Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы "Халадашпен" тең түсті

    "Қайрат" - "Халадаш" матчы
    "Қайрат" - "Халадаш" матчы. Фото: Instagram/afckairat

    Алматылық "Қайрат" футзалдан чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынында венгриялық "Халадашпен" тең түсті. Қазақстандық клуб матчтың соңында жеңісті жіберіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Марлон Веласко венгриялық клубқа қарсы мынадай құрамды шығарды: Игита, Денер, Педро, Игорь Шушу, Алекс Виана - Деннис, Эдсон, Ақбалықов, Диего Фаверо, Тұрсағұлов, Оразов, Кайо Руис, Алиссон.

    Ойынның төртінші минутында Золтан Дрот есеп ашқанымен, Альберт Ақбалықов үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Екінші таймда Алекс Виана Қазақстан чемпионын алға шығарса, Арнон Сантос Каземиро сиренадан бір секунд бұрын гол соқты – 2:2.

    Осылайша, "Қайрат" топтық екі кездесуден кейін төрт ұпайға қол жеткізді. Соңғы кездесуде Қазақстан құрамасы қазанның 29-нан 30-на қараған түні испаниялық "Пальмамен" кездеседі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.