Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Барселона", "ПСЖ", "Милан" мен "Манчестер Ситидің" бүгінгі қарсыластары кім

Опубликовано:

"Манчестер Сити" футбол клубы
"Манчестер Сити" футбол клубы. Фото: James Gill - Danehouse/Getty Images

Бүгін, 7 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясындағы матчтар басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы кезекті тур ойындары екі күнге бөлінген. Бүгін G, H, F, E топтарында өнер көрсететін командалар өзара кіл мықтыны анықтап, топтық кезеңнің 3 ұпайын сарапқа салады.

"Шахтер" мен испаниялық "Барселона"

Ойын күнінің шымылдығын Н тобындағы украиналық "Шахтер" мен испаниялық "Барселона" командалары ашады. Чемпиондар лигасының өз алаңындағы ойындарын Германиядағы Гамбург қаласында өткізетін "Шахтер" командасы қазір 3 ұпаймен өз тобында 3-орында тұр. Ал "Барселона" клубы 9 ұпай жинап, көш басында. Екі команда осыған дейін Чемпиондар лигасы аясында 5 мәрте ойнаған. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.

"Борруссия Дортмунд" пен "Ньюкасл"

Осы матчпен қатар F тобында бірдей 4 ұпай жинаған "Борруссия Дортмунд" пен "Ньюкасл" кездеседі. Алғашқы ойын 1:0 есебімен неміс клубының пайдасына шешіліп еді. Сол матчта көп гол соғылмаса да, жанкүйерлердің жадында ұзақ сақталатын ойын болды десе де болады. Алғашқы ойында жеңілістің кермек дәмін татқан "Ньюкасл" бүгін есесін қайтаруға тырысатыны белгілі.

"Милан" мен "ПСЖ"

Бүгінгі ойын күнінің ең қызық матчы "Милан" мен "ПСЖ" арасында болатыны сөзсіз. Чемпиондар лигасының осы маусымындағы ең қиын тобына түсіп қалған екі ұжым үшін бұл өте маңызды кездесу. Париждіктер 3 ойында 6 ұпай жинаса, италиялық "Милан" командасында небәрі 2 ұпай бар. Пиолидің шәкірттері плей-офф кезеңіне шығу үшін осы матчта жеңуі керек. Ойын Астана уақытымен түнгі сағат 02:00-де басталады.

"Манчестер Сити" мен "Янг Бойз"

Ал "Манчестер Ситидің" бүгінгі қарсыластары – швецариялық "Янг Бойз" командасы. Пеп Гвардиоланың шәкірттері топтық кезең аясында 3 матч өткізіп, 9 ұпай жинады. Ал қарсылас команда тек 1 ұпаймен, 3-орында тұр.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы – "Манчестер Сити". Пеп Гвардиола бастаған команда биыл чемпиондық атақты сақтап қалу үшін тырысатыны белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2044519-cempiondar-ligasy-barselona-psz-milan-men-mancester-sitidin-bugingi-qarsylastary-kim/

pixel