jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Шахтер" футбол клубы "Барселонаны" жеңді: Чемпиондар лигасының 4-тур нәтижелері

    "Шахтер" футбол клубы
    "Шахтер" футбол клубы. Фото: instagram/fcshakhtar

    7 қараша өткен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы ойында "Шахтер" футбол клубы "Барселонаны" жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Чемпиондар лигасының Н тобындағы 4-тур аясындағы кезекті матча украиналық "Шахтер" мен испаниялық "Барселона" кездесті. Ойын 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді. Матчтың жалғыз голын 40-минутта Даниил Сикан салды. Осы жеңістің арқасында украиналық ұжым Н тобында 3 орынға көтерілді.

    "Милан" мен "ПСЖ"

    Чемпиондар лигасының F тобының 4-туры аясындағы кезекті ойында "Милан" (Италия) мен "Пари Сен-Жермен" (Франция) ойнады. Матч 2:1 есебімен миландықтардың пайдасына шешілді. Кездесудің алғашқы голын 9-минутта париждіктердің қорғаушысы Шкриньяр салды. Алайда "Милан" командасының жауабы көп күттірмеді. Араға 3 минут салып Рафа Леау есеп теңестірді. Екінші таймның басында Жиру жеңіс голын соғып, "Миланға" маңызды 3 ұпайға қол жеткізуге мүмкіндік сыйлады.

    Топтық кезең аясында өткен кешегі матчтардың нәтижелері:

    "E" тобы

    "Лацио" (Италия) - "Фейеноорд" (Голландия) - 1:0

    "Атлетико Мадрид" (Испания) - "Селтик" (Шотландия) - 6:0

    "F" тобы

    "Боруссия Дортмунд" (Германия) - "Ньюкасл" (Англия) - 2:0

    "Милан" (Италия) - "ПСЖ" (Франция) - 2:1

    "G" тобы

    "Манчестер Сити" (Англия) - "Янг Бойз" (Швейцария) - 3:0

    "РБ Лейпциг" (Германия) - "Црвена Звезда" (Сербия) - 2:1

    "H" тобы

    "Шахтер" (Украина) - "Барселона" (Испания) - 1:0

    "Порту" (Португалия) - "Антверпен" (Бельгия) - 2:0

    Айта кетейік, 8 қарашада Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы 4-тур ойындарының екінші бөлігі болады.

    "Шахтер" футбол клубы "Барселонаны" жеңді: Чемпиондар лигасының 4-тур нәтижелері

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.