jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Реал Мадрид", "Интер" және "Бавария" плей-офф кезеңіне өтті

    Винисиус Жуниор
    Винисиус Жуниор. Фото: Cristian Trujillo/Quality Sport Images/Getty Images

    УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы 4-тур ойындары аяқталды. "Реал Мадрид", "Интер" және "Бавария" футбол клубтары плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мюнхендік "Бавария" өз алаңында Түркияның "Галатасарай" командасын 2:1 есебімен жеңді. Ойын нәтижесі бойынша 3 ұпай иеленген алаң қожайындары мерзімінен бұрын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

    "Бавария" сапында Харри Кейн дубль авторы атанса, "Галатасарай" сапында Бакамбу көзге түсті. Топтың кезеңдегі барлық матчта жеңген "Бавария" 12 ұпаймен 1/8 ойындарына жолдама алды.

    "Реал Мадрид" командасы да топтық кезеңдегі барлық матчында жеңіп, 12 ұпаймен плей-офф ойындарына қадам басты. Чемпиондар лигасының "С" тобының 4-туры аясында мадридтік "Реал" өз алаңында португалияның "Брага" командасын 3:0 есебімен жеңді. Матчтың алғашқы минуттарында алаң қонақтары пенальтиден гол соға алмады. Ал алаң иелері сапындағы Браим Диас, Винисиус Жуниор мен Родриго өз мүмкіндіктерін сәтті пайдалана білді.

    Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-тур аясындағы матчтардың нәтижелері:

    "A" тобы

    • "Бавария" (Германия) — "Галатасарай" (Түркия) - 2:1;
    • "Копенгаген" (Дания) — "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 4:3.

    "B" тобы

    • "Арсенал" (Англия) — "Севилья" (Испания) - 2:0;
    • ПСВ (Нидерланды) — "Ланс" (Франция) - 1:0.

    "C" тобы

    • "Наполи" (Италия) — "Унион Берлин" (Германия) - 1:1;
    • "Реал" (Испания) — "Брага" (Португалия) - 3:0.

    "D" тобы

    • "Реал Сосьедад" (Испания) — "Бенфика" (Португалия) - 3:1;
    • "Ред Булл Зальцбург" (Австрия) — "Интер" (Италия) - 0:1.

    Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы – "Манчестер Сити". Пеп Гвардиола бастаған команда биыл чемпиондық атақты сақтап қалу үшін тырысатыны белгілі.

    Чемпиондар лигасы: "Реал Мадрид", "Интер" және "Бавария" плей-офф кезеңіне өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.