jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір клубта ойнамағанымыз өкінішті": Зидан Мессиге жылы лебіз білдірді

    Зидан мен Месси
    Зидан мен Месси. Видеодан кадр: youtube.com/adidas.football

    "Реал Мадридтің" бұрынғы ойыншысы және бапкері Зинедин Зидан аргентиналық футболшы Мессимен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Adidas Football Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Франция ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы және капитаны Зидан мен "Интер Майамидің" шабуылшысы Лионель Месси Adidas Football жобасының кезекті түсіріліміне қатысты.

    Екі футболшының арасындағы кездесу Зиданның Мессиге деген жылы лебізінен басталды:

    "Кезінде бірге ойнай алмағанымыз өкінішті. Десе де қазір саған пас берудің сәті түсіп тұр екен", – деді Зидан.

    "Мен бұған өте қуаныштымын! Сені қалай құрметтейтінімді өзің де білесің. Бір командада ойнамасақ та, бір-бірімізге қарсы матчтарда жолыққанбыз", – деп жауап берді Лионель.

    Кездесу соңында екі футболшы бір-біріне ұлттық құрама жейделерін сыйға тартты.

    Айта кетейік, қазан айында футболдан Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" клубының жұлдызды шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы сегізінші "Алтын добын" жеңіп алған еді.

    "Бір клубта ойнамағанымыз өкінішті": Зидан Мессиге жылы лебіз білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.