jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат" футбол командасы өз алаңында "Зенитті" жеңді

    "Қайрат" U-17 және "Зенит" U-17 командалары
    "Қайрат" U-17 және "Зенит" U-17 командалары. Фото: instagram/f.c.kairat

    "Қайрат" U-17 командасы Алматыда өткен турнирдің финалында ресейлік "Зенит" U-17 ұжымын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алматы қаласында 6-10 қараша аралығында Сейілда Байшақовты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті. Жарысқа "Қайрат" U-17 (Қазақстан), "Зенит" U-17 (Ресей), "Пахтакор" U-17 (Өзбекстан) және "Насаф" U-17 (Өзбекстан) ұжымдары қатысты.

    Турнирдің финалында алматылық "Қайрат" U-17 мен ресейлік "Зенит" U-17 ұжымдары кездесті. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матч соңындағы пенальти сериясында "Қайрат" командасының жасөспірімдері 4:3 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Сейілда Байшақов - ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, КСРО спорт шебері және ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған.

    "Қайрат" футбол командасы өз алаңында "Зенитті" жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.