jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    62 жастағы маман "Наполи" футбол клубының бапкері атанды

    Вальтер Мадзарри
    Вальтер Мадзарри. Фото: Getty Images

    Вальтер Мадзарри италиялық "Наполи" футбол клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Наполи" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Италиялық маман Вальтер Мадзарри "Наполи" клубының бас бапкері қызметіне келді. Бұл Вальтер үшін таныс клуб. Себебі 2009-2013 жылғы маусым аралығында дәл осы "Наполиде" жұмыс істеген. Тіпті 2011/12 жылғы маусымда "Наполи" бапкері ретінде Италия Кубогын жеңіп алған.

    Мадзарри өзі де футболшы болған. Кәсіби ойыншы мансабын "Фиорентино" командасында бастаған. Сөйтіп "Фиорентино", "Эмполи" сияқты клубтарда доп тепкен. Ал бапкерлік мансабын 1996 жылы "Болонья" футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастаған.

    Айта кетейік, "Наполи" футбол клубы дәл қазір Италия чемпионатында 12 матчта 21 ұпай жинап, 4-орында келе жатыр. "Наполидің" келесі ойыны 25 қарашада "Аталанта" ұжымына қарсы болады.

    62 жастағы маман "Наполи" футбол клубының бапкері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.