jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алды

    Футболшы Роналду
    Футболшы Роналду. Фото: Justin Setterfield/Getty Images

    УЕФА Роналду ойнайтын "Аль-Наср" командасын Чемпиондар лигасына шақырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ журналист Аль-Харбидің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Сауд Арабия журналисі Аль-Харбидің ақпараты бойынша, УЕФА "Аль-Наср" командасын Чемпиондар лигасына қосқысы келеді. Осы шешімнің басты себебі, "Аль-Наср" футбол әлемінде танымал команда.

    Еске салайық, 2024 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасының ережелері өзгеріп, қатысу мүмкіндігі көбейеді. Еуропаның атақты турниріне енді 24 команда емес, 36 клуб қатысады.

    Айта кетейік, "Аль-Наср" сапында Криштиану Роналду, сенегалдық ойыншы Садио Мане, бразилиялық Талиска мен хорват Марцело Брозович сияқты легионерлер ойнайды. "Аль-Наср" Сауд Арабияның Премьер-лигасында 13 матчта 31 ұпай жинап, 2-орында келе жатыр.

    Криштиану Роналду Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.