jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

    Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген. Фото: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images

    Қазақстан Премьер-лигасының 2023/24 жылғы маусымдағы үздік футболшысы мен бапкері белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы мен бапкерін атады. Басылымның нәтижесі бойынша ҚПЛ-дың осы маусымдағы үздік футболшысы "Ордабасының" жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген атанды.

    Ал Қазақстан Премьер-лигасының үздік бас бапкері шымкенттік "Ордабасы" клубының бапкері Александр Седнев атанды. Белоруссиялық маман Шымкент қаласына ҚПЛ-дың алғашқы алтын медалін алып келді.

    Transfermarkt порталы ҚПЛ-дың осы маусымдағы үздік 11 футболшысынан жасақталған құрам жариялады:

    Қақпашы:

    • Стас Покатилов (Ақтөбе ФК).

    Қорғаушылар:

    • Әлібек Қасым, Лука Гадрани (екеуі де Ақтөбе ФК);
    • Сергей Малый (Ордабасы ФК).

    Жартылай қорғаушылар:

    • Исламбек Қуат (Астана ФК);
    • Асхат Тағыберген (Ордабасы ФК);
    • Дмитрий Бородин (Қайсар ФК);
    • Максим Самородов (Ақтөбе ФК);
    • Ислам Чесноков (Тобол ФК).

    Шабуылшылар:

    • Жоао Пауло (Қайрат ФК);
    • Марин Томасов (Астана ФК).

    Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 2023 жылғы чемпиондары – шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы.

    Ресми: Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.